"Реал Мадрид" 2026 жылғы алғашқы трансферін анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Реал Мадрид" келесі жылы Нико Пасты қайта сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша Aргентиналық жас жұлдыз Мадридтік клубтың 2026 жылғы алғашқы трансфері болуы ықтимал.
Қазіргі уақытта Нико Пас Италияның "Комо” клубында ойнап жүр. Келісімшартта "Реал Мадридке” кері сатып алу мүмкіндігі қарастырылғанымен, бұл бап 2025 жылдың қаңтарында күшіне енбейді. Сондықтан "Комо" басшылығы ойыншыны маусым соңына дейін өз қатарында қалдыруға үмітті.
Фабрицио Романоның мәліметінше, "Реал Мадрид” 2026 жылдың маусымында buy-back нұсқасын толық іске қосып, Нико Пасты кері қайтармақ. Ең маңыздысы — ойыншының өзі де Мадридке оралуға келісім берген.