Кака қайтадан құрамада

28.10.2011, 05:30
Кака қайтадан құрамада

Мадриттік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Кака 2010-шы жылғы әлем біріншілігінен кейін алғашқы рет Бразилия құрамасының тарапынан шақырту алды.

Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) жеке сайтандағы мәлімдеме бойынша, өткен әлем біріншілігінен кейін «Селесаоның» бас бапкері атанған Мано Менезес Каканы құрама сапының қатарына алғаш рет қосып отыр деген хабар таратты.

Сондай-ақ, Мано Менезес туған елдің туын қорғауға Донецкінің «Шахтерінде» ойнайтын Виллиан мен Фернандиньоны, Киевтік «Динамода» өнер көрсететін Дудуны шақырыпты. Бразилия құрамасына ең көп ойыншы беріп отырған «Порту» болды. Халка, Клебера мен Алекса Сандро басшылықтың батасын алған соң құрамаларына құйылмақшы.

Менезес командасы 10 қарашада Габон құрамасымен, ал 14-інде Мысыр елімен жолдастық кездесу өткізбек.

Олжас ОҚАСОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×