Қақпашы Максим Плотников “Жеңіс” командасы сапына қосылды

27 жастағы беларус бүгінде елорда командасымен Түркияда жаттығып жүр.

Қақпашы Максим Плотников “Жеңіс” командасы сапына қосылды

Ганалық Разак Абалораның кетісімен, “Жеңіс” командасы “Славия” ойыншысына жеке ұсыныспен шыққан екен. Әзірге Максим елорда ұжымымен тек ауызша келісімге келген. Бірақ Transfermarkt порталы 27 жастағы Плотниковты ресми Жеңіс қақпашы ретінде тіркеп үлгерді.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылы беларус ақтаулық “Каспиде” барлық турнирлерді қосқанда 21 матч өткізіп, өз қақпасына 34 гол жіберді. 

Беларусь ұлттық құрамасында 6 кездесуде алаңға шыққан Максим өз елінен тыс тек Қазақстан чемпионатында ғана өнер көрсеткен.

Бүгінгі таңда “Жеңісте” Дінмұхамед Жомарт пен  Темірлан Абуов қақпашы есебінде тізімде тіркеліп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×