Қазақстан Ұлттық құрамасының және "Оқжетпес" командасының қақпашысы Қажымұқан Төлепбергенге жаңа үміткер пайда болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Aman VIBE телеграм арнасының мәліметінше Қажымұқан Төлепберген “Қайсар” клубымен белсенді келіссөздер жүргізуде.
Қызылордалық клуб жақында ғана Андрей Ферапонтовты бас бапкерлікке тағайындағанын еске сала кетейік. Төлепберген осы бапкермен “Оқжетпесте” бірге жұмыс істегендіктен, екеуінің арасында жақсы таныстық пен сенімді қарым-қатынас бар. Бұл трансфердің орын алуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Дереккөздердің мәліметінше қақпашыға өзге де ҚПЛ клубтары қызығушылық білдіруде.