“Қайсардың” 28 жастағы қорғаушысы Қуаныш Қалмұратов Астанаға қарсы ішкі чемпионаттың кейінге қалдырылған 15-тур кездесуіне қатыспайды, деп жазады Kazfootballkz.
“Жеңіске” қарсы чемпионаттың 15-туры барысында Қуаныш сары қағаз алды. Ал бұл ескерту оның осы маусымдағы 4 болып есептелді. Сол себептен қорғаушы алдағы ойынға жіберілмейді.
Осы маусымда Қалмұратов “Қайсар” сапында 18 ойын өткізіп, соның 2 команданы капитандық таңбамен алаңға бастап шықты.
Айта кетейік, осыған дейін еліміздің спорт сайттары “Қайсарда” қаржылық тоқырау білінеді деп ақпарат таратқан болатын. Алайда Қызылорда ұжымы бұл ақпараттардың барлығы шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді. Команда “Астанаға” қарсы ойынға еш қиындықсыз дайындалуда.
Біздің серіктес: FONBET