29 жастағы қорғаушы Қуаныш Қалмұратов жаңа маусымды мұнайшылар сапында бастайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қорғаушы Қуаныш Қалмұратов араға 5 жыл салып, өзі түлеп ұшқан Атырауына қайтып оралды. Ол бас бапкер Виталий Жуковскийдің сеніміне кіре алды.
Сол қаптал ойыншысы мұнайшылар командасына тиесілі кезінде әр жылдары оңтүстіктің “Тұран”, “Тараз” және “Қайсар” ұжымдарында жалға ойнап қайтты. 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қуаныш қасқырлар сапында барлық турнирлерде 26 ойын өткізіп, 7 сары қағазымен көзге түсті.
Айта кетейік, Қалмұратов “Атырау” үшін Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылардың топ-5 кіреді.