Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Калоян Петков 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Францияға қарсы өтетін матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:
- Кімде-кім турнир кестесіне қараса, Францияның Эстонияны 11:0 есебімен жеңіп, осында келе жатқанын біледі. Өткен жылғы нәтижені қайталамаудан басқа амалымыз жоқ.
Әйелдер футболы туралы айтатын болсақ, мұны ерлер футболымен салыстырудың қажеті жоқ. Әйелдер футболында мұндай нәтижелер жиі болып тұрады. Үш күн бұрын Франция Эстонияны 11:0 есебімен ұтты.
Біздің қыздар мұнда тек патриоттық сезіммен келіп отыр. Олар сыйақы үшін емес, абырой үшін ойнайды. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бізде екі жаттықтырушы бар: Ирина Саратовцева қазіргі №8 спорт мектебінің жаттықтырушысы, бірақ бізде одан жақсы қақпашы жоқ. Сондай-ақ «Оқжетпесті» жаттықтыратын Бегайым Қырғызбаева да осында. Егер менде жақсырақ таңдау болса, қазіргі екі жаттықтырушыны ойыншы ретінде шақырмас едім. 90 минут бойы қорғанамыз, шабуылдар аз болады. Бірақ, ойыншылар ел намысы үшін күреседі.
- Грекиямен өз алаңымызда болған матчта жеңіске жету үшін не жетіспеді?
- Грекия мен Эстония құрамасынан ұпай аламыз деп үміттенген едік. Айтайын дегенім, Грекия құрамасы соңғы екі жыл ішінде айтарлықтай прогресс жасады.
Ресейде ойнап жүрген ойыншыларымыз жарақатына байланысты келмеді. Осының бәрі әсер етуде. Сондықтан біз қорғаныста ойнауға мәжбүр болдық, өйткені басқа амалымыз жоқ. Тең нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін еді. Алайда екінші таймда ойыншылар алмасқаннан кейін концентрацияны жоғалтып алдық. Грекиямен болған алқашқы кездесуге сүйене отырып, тең ойын біз үшін жақсы нәтиже болады деп ойладық.
- 2006 жылғы Алина Лозукова негізгі құрамдағы орынға таласуға қабілетті ме?
- Біз оны тәжірибе жинасын деп шақырдық. Ол өзінің құрдастарынан деңгей бойынша әлдеқашан озып кеткен. Алина футбол орталықтарының чемпионатындағы соңғы матчтарда жарақатпен ойнады. Ол қазір басқа деңгейде ойнауы керек. Алайда, ережеге сәйкес, бұл маусымға 2006 жылы туған және одан кіші футболшылар қатыса алмады. Футбол орталықтары арасындағы чемпионат, әрине, өте жақсы идея, бірақ бұл оның деңгейі емес.
Біздің серіктес: FONBET