Камерун футбол Федерациясы өздерін сүттен ақ, судан таза санайды

10.12.2022, 23:19
Камерун футбол Федерациясы өздерін сүттен ақ, судан таза санайды


Француз журналисті Ромен Молина Камерун футбол Федерациясы құрамаға ойыншыларды пара алу арқылы қабылдады деген мәлімдеме жасаған еді. Осыны естіп, бей-жай отыра алмаған FECAFOOT айтылған ақпарлар шындыққа келмейді деуде.


"Біздің тарапымызға жалған жалалар жабылуда. Камерун ұлттық құрамасының ішінде "рэкеттік" жүйе қалыптасқан дейді тәуелсіз журналист Молина. Оның келтірген деректерінде дәлел жоқ. Біз құрамаға футболшы алу үшін ақша алмадық, алмаймызда! Қалайда болсын, Камерун шындық үшін соңына дейін барады".


Айта кететіні, Ромен Молина Гана футбол Федерациясына да осындай айып тағып еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×