Африкалық елдің футбол басшылығына Самуэль Это’О келгелі іс алға баспауда.
Федерацияға президент болып келген Это’О осыдан бірнеше күндер бұрын Камерун бапкері Марк Бристі қызметінен еш себепсіз қуып жіберді.
Бельгиялық бапкер сондағы бастапқы құрамға шабуылшы Венсан Абубакарды шығарғаны үшін жазықты болып қалды. Себебі, Венсан Самуэльдің құрамадағы соққан голдар рекордын бұзуға жақын қалды. Абубакар бар-жоғы Камерун сапында 11 гол соқса, онда сұрмергендер көшінде жекелей көш бастайды. Ал бұл жағдай Федерация президенті Это’О-ның жанына жақпаған. Сол үшінде ол Венсанға сенім артып жүрген Марк Бриспен ақылдаспай қызметінен босатты.
Ал қазіргі бапкер Дэвид Пагу Самуэльмен санасып келеді. Ол бастапқы құрамға Абубакарды шығармай, қосалқы құрамда сүрлеп келеді.
Одан тағысы, Это’О ықпалымен Камерунның құрамына қақпашы Андре Онана шақыртылмапты. Ол “Трабзанспорда” жақсы маусым өткізіп жатса да, Африка Кубогы турнирінен шет қалатын болды.