Камо Оганесян «Астанаға» ауысты

19.01.2022, 17:57
Келісім-шарт бір жылға жасалған екен.
Камо Оганесян «Астанаға» ауысты

Армения құрамасының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Камо Оганесян «Астанамен» келісім-шартқа отырды. Бұл туралы ойыншының агенті Вадим Оганян хабарлады.

«Камоның «Астанамен» келісім-шарты бір жылға жасалды. Олардың жаңа маусымда биік белестерді бағындыратынына сенімдімін.

Мен тек РПЛ клубтарымен келіссөздер жүргіздім. Әсіресе «Химки» мен «Уфа» үлкен қызығушылық танытты, бірақ бірқатар себептерге байланысты олармен ортақ пікірге келе алмадық. Нәтижесінде «Астанадан» нақты ұсыныс пайда болды. Срджан Благоевич Камоны өз командасынан көргісі келді», - деді футболшының агенті.

Еске салайық, Камо Оганесян 2020 жылдың қаңтарынан бері «Қайрат» клубында өнер көрсетті. Ол алматылық клуб үшін 59 матч өткізіп, 6 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×