Камрон Хабибулла жарақатынан айығып, шетел чемпионатында дебют жасады

Өзбек жартылай қорғаушысы алаңға шыққан ойында “Сандвикен” “Эстерсундты” 5:0 есебімен жеңді.

Камрон Хабибулла жарақатынан айығып, шетел чемпионатында дебют жасады

Бұған дейін Камрон Швеция чемпионатында ауыр жарақатына байланысты 28 кездесуден шет қалып еді. Енді міне ұзақ уақыттан кейін қатарға оралған Хабибулла скандинав түбегінде өнер көрсеткен алғашқы өзбек футболшысы атанды.

Жалпы 22 жастағы жартылай қорғаушысы мансабының көп бөлігін МЛС біріншілігінде өткізді. Ол “Ванкувер”, “Пасифик”, “Уайткапс”, “Канзас-Сити 2” ұжымдарының намысын қорғады. 

Камрон өз елінің талантты футболшыларының бірі. Ауыр жарақаты болмағанда, Хабибулла ел құрамасының ойындарына шақырту алушы еді. Бірақ жас футболшы үшін әлі де кеш емес. Тек ол үшін бапкер Фабио Каннавароның сенімін ақтау керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×