Иә, әзірге Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасының U-23 жастағы футболшыларының тізіміне еніпті.
Ерекше көзге түскен жастардың қатарында 17 жасар қазақстандықтан бөлек тағы қақпашы: Ной Атуболу (23, «Фрайбург») қорғаушылар: Диего Морейра (21, «Лион»), Лука Вушкович (18, «Тоттенхэм»), Зено Дебаст (21, «Андерлехт»), Теренс Куду (20, «Ланс») жартылай қорғаушылар: Райан Гравенберх (23, «Ливерпуль»), Габри Вейга (23, «Аль-Ахли»), Педри (22, «Барселона») шабуылшылар: Ансу Фати (22, «Монако») және Нико Паз (21, «Реал») кірген болатын. Дастан алматылық команда сапында турнирдің жалпы кезеңіндегі бірінші турда «Спортингке» қарсы ойынды негізгі құрамда бастаған еді. Енді ол 5 күннен кейін «Қайрат» сапында «Реалға» қарсы кездесуге дайындалып жатыр. «Қайрат» - «Реал» кездесуі 30-қыркүйекте өтеді.