Қаншама қаржы бөлгенімен, жүйелі өзгерістер болған жоқ... Қытайда жұмыс істейтін бапкер қазақ футболының басты минусын айтты

24.11.2025, 11:05

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев Қазақстан және Қытай футболын салыстырып, пікірін айтты.

Қаншама қаржы бөлгенімен, жүйелі өзгерістер болған жоқ... Қытайда жұмыс істейтін бапкер қазақ футболының басты минусын айтты
Қызылорда арена стадионы

Самат қазір Синьзянь (ҚХР) жастар құрамасындағы қақпашыларды жаттықтырады. Онда U-18 и U-20  командаларымен жұмыс істейді.  

«Қызылордада жаңа стадион салды. Онда қар мүлде түспейді десе де болады, табиғи газонға тамаша жер. Бірақ, неге екенін, жасанды төсеніш төсепті. Тіпті үнемі қыс болатын Исландияның өзінде де табиғи газонда ойнайды. Жасанды газон арзан әрі үнемді деп есептейді, алайда, оның салдарынан жарақат көп болады. Тіпті, Астананың өзінде табиғи газон төсеуге болады, ондай табиғи төсенішті қосымша жылыту жүйесі арқылы пайдаланатын елдер де бар. Бізде инфрақұрылым ақсап тұрғанның өзінде футбол көш ілгері. Бірақ, Қытай ақырындап қуып жетіп келеді. Бізде талай жылдар қаржы-қаражат легионерлердің жалақысына жұмсалып келді, ал инфрақұрылым тасада қалатын. Нәтижесінде, үкімет қаншама қаржы бөлгенімен, жүйелі өзгерістер болған жоқ», - деді С. Отарбаев «ASnews.kz» берген сұқбатында.  

Самат Отарбаев мансабында «Тараз», «Қыран», «Ақтөбе» және «Ордабасы» сапында өнер көрсетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×