Қаңтардағы ойынды Алматыда өткізу үшін мүмкіндіктің болмағаны ма?

“Қайрат” командасы Бельгия чемпиондарын “Астана Аренада” қонақтауы мүмкін.

Қаңтардағы ойынды Алматыда өткізу үшін мүмкіндіктің болмағаны ма?

Келесі жылдың 20 қаңтарына жоспарланған “Қайрат” - “Брюгге” кездесуі елордадағы 30 мыңдық стадионда өткізілуі ғажап емес. Қыстың екінші айындағы ауа-райы Алматыдағы төбесі ашық спорттық нысанда матч ұйымдастыруға кедергі келтіруі мүмкін. Сол себептен, Қайрат клубы осы бастан Чемпиондар Лигасындағы резервтік стадион ретінде “Астана Арена” стадионын тіркеп қоюы керек. 

Жалпы УЕФА мен ФИФА регламентіне сәйкес, қыс мезігілінде командалар -15 градус температура көрсеткішіне дейін ойынға жіберіле береді. 

20 қаңтардағы кездесуге дейін “Қайрат” Чемпиондар Лигасында “Пафос” (21 қазан), “Интер” (6 қараша), “Копенгаген” (26 қараша) және “Олимпиакос” (9 желтоқсан) командаларымен кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×