Кападзе командада қала ма?

Өзбекстан Футбол Федерациясы бапкер Йоахим Левтің құрамға бапкер болуына байланысты нақты шешімін білді. 

Кападзе командада қала ма?

Өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан құрамасын Йоахим Лев жаттықтырмайтын болды. Неміс маманы көрші мемлекеттің Футбол Федерациясы ұсынысына жоқ деп жауап беріпті. 

Bild басылымының мәліметінше, Лев Ташкенттен Берлин елшілігіне келіп түскен ұсынысты бірнеше апта бойы қарастырған екен. Алайда Өзбек футболы Федерациясы тарапынан бапкермен бірде-бір кездесу болмағандықтан, Йоахим өз ойынан айныпты. 

Осылайша, 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада жерінде өтетін мундиальда Өзбекстан құрамасын Тимур Кападзе бастап шығатын болады. 

Еске салсақ, Йоахим Лев 2006 мен 2021 жыл аралығында Германия құрамасын тізгіндеген болатын. Бапкердің бастамасымен бундестим 2014 жылғы Әлем чемпионаты финалында Аргентинадан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Өзбекстан
Aladop Youtube
×