Капелло "Тоттенхэм" бас бапкері атана ма?

17.12.2013, 05:12
Капелло "Тоттенхэм" бас бапкері атана ма?
Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері италиялық маман Фабио Капелло лондондық "Тоттенхэмнің" бас бапкері атануға негізгі үміткер саналуда. Лондондық клуб дәл қазір бас бапкерсіз қалды. АндреВиллаш-Боаш бапкерлік қызметтен алынып тасталды. Ал, дон Фабионың Ресей футбол федерациясымен қазіргі келісім-шарты 2014жылғы әлем чемпионаты аяқталған сәтте тоқтатылады. Капеллодан басқа лондондық клубты басқаруы мүмкін бапкерлер қатарында  "Суонси Сити " командасы бас бапкері даниялық маман Микаэль Лаудруп бар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×