«Карабах» - «Қайрат» матчында қызмет ететін төрешілер белгілі болды

20.10.2021, 17:48
Тізгін украиналық қазыларға сеніп тапсырылды.
«Карабах» - «Қайрат» матчында қызмет ететін төрешілер белгілі болды

Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы алматылық «Қайрат» пен әзербайжандық «Карабах» арасындағы матчта украиналық төрешілер тобы қызмет етеді.

Евгений Арановский бас төреші болса, оған қос қапталдан Семен Шлончак пен Андрей Скрипка көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметіне Виталий Романов тағайындалды.

«Карабах» пен «Қайрат» арасындағы ойын 21 қазан күні Бакуде өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×