«Карабах» - «Челси» билеті донерден де арзан! Билет бағасының арзандамауы «Қайрат» жанкүйерлерінің наразылығын тудыруда

31.10.2025, 12:01

ЧЛ жалпы кезеңінің 4-турының аясында болатын «Карабах» - «Челси» арасындағы кездесу билеттері сатылымға шықты.

«Карабах» - «Челси» билеті донерден де арзан! Билет бағасының арзандамауы «Қайрат» жанкүйерлерінің наразылығын тудыруда

Бұл туралы әзербайжандық клуб мәлімдеген болатын. Аталған матчтың билеттері теңгеге шаққанда 3500-ден басталады. Ал ең қымбаты 23500 теңгенің шамасында. Бұл бәсеке 5-қарашада болады. Айта кетейік, «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңінде өз алаңында өткізетін кездесулеріндегі ең арзан билет 30 мыңнан басталған болатын. Қымбаты 250 мыңға дейін барды. Сондай-ақ, осы арада «Интер» - «Қайрат» кездесуіндегі билеттердің 7 мыңнан басталатынын да айта кету керек. Жалпы, биылғы турнир қатысушыларының арасында ең қымбат билетті алматылық клуб сатуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×