"Карабахтың" Чемпиондар Лигасындағы кезекті кездесуінде аншлаг күтілуде

Әзербайжан клубы 5 қараша өтетін еурокубок ойынына билет сатып бастады.

"Карабахтың" Чемпиондар Лигасындағы кезекті кездесуінде аншлаг күтілуде

5 қараша күні Гурбан Гурбанов шәкірттері лондондық “Челсиді” қонақ қылады. Сол себепті  жергілікті команда 2 күн бұрын матчқа билеттер сатылымын бастап кетті. Нәтижесі жаман емес, аз уақыт ішінде өз командасын қолдаймын деген 22 500 фанат билеттерді талап алыпты. 

Жалпы Бакудегі халықаралық Тофик Бахрамов атындағы стадион 31 мың адамды сыйдыра алады. “Челсимен” болатын кездесуге арналған билеттің ең арзан құны 3 мың теңгеден басталады. Жергілікті ақшамен есептегенде, 10 әзербайжан манаты.

Айтпақшы, Лондондық клубқа тұманды альбион шаһарынан 1300 адам келетін болыпты. Бұл “Челсидің” Бакуда да қолдаусыз қалмайтынын көрсетіп отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Челси
Aladop Youtube
×