Қарағанды тумасы Вилли Кронхардт айыр қалпақты ағайынның тізгінің ұстауы мүмкін

56 жастағы маман кезінде Бундеслигада скаут болып қызмет жасаған.

Қарағанды тумасы Вилли Кронхардт айыр қалпақты ағайынның тізгінің ұстауы мүмкін

Виллидің негізгі қызметі скаут болғанымен, оның Uefa Pro бапкерлік лицензиясы бар. Өз уақытында Кронхардт Германияның 3-5 дивизионындағы клубтарды жаттықтырған. Одан тағысы, Вилли “Дармштадт”, “Герта”, “Кельн” және “Лейпциг” сынды жоғары лиганың ұжымдарының скауттық қызметіне жауап берген. Германиядан тыс ол мәскеулік “Локомотив” командасында біраз жылдар еңбек етті. Кезінде ол теміржолшыларға Хвича Кварацхелияны “Рубинге” сатпауына кеңес берген. Алайда басшылық тарапы Кронхардтқа құлақ аспай әлемдік жұлдызды уысынан жіберіп алды.

56 жастағы неміс азаматынан бөлек, Қырғызстан құрамасын Хорватия сапында Еуро-2016 турнирінде қызмет жасаған Анте Миша да баптайды деген ақпарат бар. Бірақ дәл қазіргі сәтте басымдылық дәл осы Вилли Кронхардтың мол тәжірибесі беріліп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×