"Елімай" клубының жартылай қорғаушысы 23 жасар Абылайхан Назымханов алдағы маусымға байланысты жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Келісімшартым 2026 жылға дейін күшінде"
Футболшының айтуынша, ол "Елімайда” ойнауын жалғастырмақ. Өткен маусымда "Тұран” клубында жалға доп тепкен болатын.
"Менің “Елімаймен” 2026 жылға дейін жарамды келісімшартым бар. “Тұранда” жалға ойнадым. Жаңа маусымға дайындықты “Елімай” құрамында бастаймын." — деді Назымханов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.