Қарағандылық талант Мадрид төрінде – Макридов “Атлетикоға” қосылмақ

Бүгін, 16:20

Қарағандылық "Шахтердің" 19 жасар шабуылшысы Глеб Макридов қазіргі таңда Испанияның  "Атлетико Мадрид" сапында жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қарағандылық талант Мадрид төрінде – Макридов “Атлетикоға” қосылмақ

BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше, бастапқыда Қазақстандық футболшы УЕФА жасөспірімдер лигасында өнер көрсететін "Атлетико Ювенил А" (U19) командасына қосылуы тиіс болатын. Алайда алғашқы жаттығулардан кейін Мадридтік клубтың бапкерлер қосыны жоспарды дереу өзгертті.

Макридовтың деңгейі мен әлеуетін жоғары бағалаған мамандар оны бірден ересектер футболына жақын деңгейге ауыстыруды жөн көрген екен. Енді Глеб жұмысын Испанияның Терсера дивизионында бақ сынайтын "Атлетико Мадрид С” жастар командасының құрамында жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×