"Шахтер" Түркиядағы алғашқы жиынын тең ойынмен қорытындылады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қарағандылық "Шахтер” Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізді. “Кеншілердің” қарсыласы Косовоның "Фероникели” ұжымы болды.
Тартысты өткен матчта қос команда да гол соғатын мүмкіндіктерді іздегенімен, есеп ашылмады. Ойын соңына дейін таблодағы 0:0 есебі өзгеріссіз қалып, тараптар тең тарқасты.
Бұл матч "Шахтердің" Антальядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны шеңберіндегі соңғы ойыны болды. Бұған дейін олар Венгрияның "Гонвед” клубынан 2:0 есебімен басым түскен болатын.