Карим Бензема Ла Лиганың өткен маусымдағы үздік ойыншысы атанды

22.12.2020, 16:05
Соңғы 10 жыл бойы бұл жүлдені Месси мен Роналду жеңіп келген еді.
Карим Бензема Ла Лиганың өткен маусымдағы үздік ойыншысы атанды

"Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема Marca нұсқасы бойынша Испания чемпионатының 2019/2020 жылғы маусымының үздік ойыншысы атанды.

Еске сала кетейік, Испания чемпионатының өткен маусымында Мадридтік "Реал" 87 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Басты бәсекелесі "Барселонадан" 5 ұпайға озып кетті.

Өткен маусымда француз шабуылшысы Ла Лигада 37 ойынға қатысып, 21 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Айта кетейік, 2009 жылдан бері бұл марапатқа Лионель Месси мен Криштиану Роналду ғана ие болған еді.

"Бұл көп нәрсені білдіреді, мен бұл марапатты алғаныма мақтанамын және өте қуаныштымын. Месси мен Роналду көптеген жеке марапаттарға ие болды және мен бұл ойыншыларды жеңгеніме мақтанамын", - деді Бензема Marca-ға берген сұхбатында.

Бензема "Реал Мадрид" клубында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. Осы маусымда шабуылшы Ла Лигада 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×