Карим Бензема мансабын Португалия чемпионатында жалғастырмақ

“Бенфиканың” су жаңа бапкері Жозе Моуриньо Каримді өз командасында көргісі келеді екен.

Карим Бензема мансабын Португалия чемпионатында жалғастырмақ

Жозе мен Бензема “Реал” командасында бірге қызмет атқарған. Сол себептен, ойыншы мен команда арасындағы келіссөз барысын атақты бапкердің өзі бақылайтын болатын. 

Футболшы қазірде өнер көрсетіп жатқан “Аль-Иттихад” ұжымы французды 5-7 млн еуроға жіберуге дайын. 

Алайда еуропаға қайтып оралуды құп көретін болса, Бензема жоғары жалақыдан бас тартуы тиіс. Бұған дейін шабуылшы саудиялық командада жылына 50 млн еуро алып отырды. Ал “Бенфикада” ондай басымдылық жоқ.

Жалпы Карим “Аль-Иттихад” командасының осы маусымдағы 2 ойынына қатысып, 3 голдық көрсеткішімен көзге түсті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×