Карим Бензема Қазақстанмен болатын ойынға қатыса алады

12.11.2021, 20:27
Бірақ футболшы кешегі жаттығуға қатыспады
Карим Бензема Қазақстанмен болатын ойынға қатыса алады

Мадридтік «Реалдың» және Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бенземаның 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанға қарсы іріктеу матчына қатысу мәселесі шешілді, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.

Әлем чемпиондары кеше түнде Клэрфонтендегі базасында жаттығу жұмыстарын өткізді. Бірақ Бензема бұл жаттығуға қатыспаған.

Дегенмен, дереккөздің айтуынша, Қазақстанмен өз алаңында өтетін ойын алдында форвард толықтай дайын болады.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Францияға қарсы өтетін финалдық ойын 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні «Парк де Пренс» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×