Македониялық футболшы Самир Фазли "Тұранды" тастап кетті. Шабуылшы мансабын отанындағы "Македония Джерче Петров" командасында жалғастырады.
ҚПЛ өткен маусымында ол 21 ойын өткізіп, 1 гол салған болатын. "Тұран" өз кезегінде біріншілікте 13 орын алып бірінші лигаға түсіп қалды.
Қазақстанда шабуылшының "Карим Бензема" деген лақап аты бар.
31-жасар Фазли өз мансабында "Шкендия", "Рудеш", "Виль", "Хелмонд Спорт" және "Херенвен" ұжымдарының намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET