Карим Бензема «Реал Мадридпен» келісім-шартын ұзартты

21.08.2021, 00:41
Бензема командадан қалаған уақытында кете алады.
Карим Бензема «Реал Мадридпен» келісім-шартын ұзартты

«Реал Мадрид» Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бенземамен келісім-шартты 2023 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды мадридтік клубтың баспасөз қызметі.

Жаңа келісім-шартқа сәйкес, Бензема команда деңгейіне сәйкес келмейтінін сезсе, мерзімінен бұрын «Реалдан» кете алады. Бенземаның мадридтік клубпен бұрынғы келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды еді.

Естеріңізге сала кетейік, Карим Бензема жазда соңғы алты жыл бойы ойнамаған Франция құрамасына шақырту алған болатын. Шабуылшы Еуропа чемпионатында 4 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×