“Астана” клубы 33 жастағы шабуылшы Карлитоспен қоштасқанын хабарлады.
Испан аяқдопшысы ел футболына бейімделе алмағандықтан, “Астанадағы” келісімшартын өз еркімен бұзды.
Карлитос елордалық ұжым сапында небәрі 3 ойын өткізді. Ол Бабаян баптайтын командаға польшалық “Легиядан” ауысып келген болатын.
Шабуылшы өз мансабында “Астана” мен “Легиядан” бөлек, “Аль-Вахда”, “Ламия”, “Петротрест”, “Фуэнлабрада”, “Эльденсе”, “Висла Краков”, “Панатинаикос” және “Вильярреал Б” клубтарында өнер көрсетті.
Трансфермаркет Карлитосты 300 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET