Карло Анчелотти «Реал Мадридтен» кететін ойыншылардың тізімін жасады

08.11.2021, 22:02
Папа Карло бұл тізімге әзірге бес ойыншыны қосып отыр.
Карло Анчелотти «Реал Мадридтен» кететін ойыншылардың тізімін жасады

"Реал Мадрид" осы маусымда бірнеше ойыншыдан құтылуы мүмкін. Бұл тізімге Гарет Бэйл, Эден Азар, Иско, Марсело, Лука Йович және Хесус Вальехо секілді ойыншылар енді, деп хабарлайды AS басылымы.

"Реал Мадрид" биылғы маусымда титулдар жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақ. Клубта жаңа дәуір басталады және келесі маусымға дейін Килиан Мбаппе келеді деп күтілуде. Басшылық Карло Анчелоттиге толық сенім артады. Италиялық маман команданы қалай басқару керектігін біледі.

Анчелотти Иско, Марсело, Азар, Бэйл, Йович және Вальехо сияқты ойыншыларды жоспарына енгізбеді. Олардың көпшілігі осы маусымның соңында командадан кетеді. Мадридтік клуб сатылымнан түскен ақшаны Мбаппені алуға және Винисиуспен келісім-шартты ұзартуға жұмсамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×