«ПСЖ» командасының басшылары итяльяндық маманды қанша тырысса да өз орнында сақтап қала алмады. Карло Анчелоттидің өзі болса «корольдік клубқа» ауысқысы келетінін бұрын да жасырмаған.
AS басылымының мәлімдеуінше енді екі жақ тек келісім-шартты бұзу ғана қалып отыр. Басылымның таратқан ақпараттарына сенсек, Анчелотти жақын арадағы 48 сағат ішінде мадридтік командаға ауысады. Бапкердің өзі болса: «Мен әлі ешнәрсе дей алмаймын», - деп қойылған саулдан жалтарып отыр.
Париждік клубпен Карло ел біріншілігінде чемпион атанды. Сонымен қатар, чемпиондар Лигасының 1/8 финалында «Барселонаға» ғана жол беріп орта жолда қалып қойды. Мұның өзі француз командасының жақын жылдардағы ең керемет нәтижесі болып тіркелді. Жозе Моуриньо баптаған «Реал» биыл тіпті жүлдесіз қалды. Соның салдарынан мадридтік команданың басшылары жаңа бапкер іздеуге кіріскен еді. Егер де итальяндық маман «Реалды» баптауға келсе жаңа белестерді бағындырары анық. Оны уақытында көретін боламыз.
Аладоп ақпарат
Біздің серіктес: FONBET