Карло Анчелотти салық төлеуден бас тартты

03.04.2025, 21:55

Реал Мадрид клубының бас бапкері Карло Анчелотти 2014 және 2015 жылдары салықтан жалтарғаны үшін айыпталып, Мадрид сотында жауап берді. Прокуратураның мәліметінше, ол осы кезеңде 1 миллион еуродан астам салық төлеуден жалтарған.

Карло Анчелотти салық төлеуден бас тартты

Анчелотти сотта өзінің кінәсіз екенін мәлімдеп, ешқашан салықтан жалтаруды ойламағанын және қаржылық мәселелерін клуб пен кеңесшілерінің нұсқауларына сәйкес жүргізгенін айтты.

Прокуратура Анчелоттиді офшорлық компаниялар арқылы табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған деп айыптап, оған төрт жыл тоғыз ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Анчелоттидің қорғаушылары оның салық мәселелерінде қателік жасамағанын және бұл жағдайдың оның қаржылық кеңесшілерінің қателігінен туындағанын алға тартуда. Сот процесі жалғасуда, және Анчелоттидің кінәсі дәлелденсе, ол түрме жазасына кесіліп, айыппұл төлеуі мүмкін.

                                        Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×