Премьер лиганың 23-турында "Елімай" сырт алаңда "Астанамен" 3:3 есебімен тең түсті. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Семейлік команданың бас бапкері Андрей Карпович матчтың деңгейіне жоғары баға берді.
"Бұл чемпионаттағы ең қызықты матчтардың бірі болды деп ойлаймын – голдық сәттер де, эмоциялар да жеткілікті болды. "Астана" да жеңіске жете алатын еді, біз де мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Соңғы минуттарда жеңісті жұлып алуға аз ғана тәжірибе мен дәлдік жетіспеді." – деді Карпович.
Бапкер ойыншылардың жанкештілігіне, жанкүйерлердің қолдауына ерекше тоқталды:
"Жігіттер алаңда бар күшін салды, әдемі ойын көрсетті. Жанкүйерлеріміз де қатты қолдап отырды, бұл бізге қосымша жігер берді. Бұл стадионда біз чемпионатты бастадық, сондықтан мұнда тең ойынға қол жеткізу де маңызды нәтиже." – деп қорытындылады ол.
Карповичтің айтуынша, 0:2 есебінен кейін "Астанаға" қарсы ойынды теңестіру – команданың мінезін көрсеткен жағдай.
– Елімай ФК