Қарсыластар не себепті «Қайратқа» тәнті болуда? Даниялық сарапшылар өткен ойынды түйіндеді

27.11.2025, 10:52

Даниялық «TV3sport.dk» сайты «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы ойынды түйіндеп, командаларының ойынына баға берді.

Қарсыластар не себепті «Қайратқа» тәнті болуда? Даниялық сарапшылар өткен ойынды түйіндеді
"Копенгаген" - "Қайрат" кездесуі

Кеше ЧЛ 5-туры аясында даниялық топ-клуб 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«81-минутқа дейін 0:3 болып ұтылып жатқан «Қайрат» кездесу соңына қарай есеп айырмасын бір допқа дейін қысқарта алды. Доминик Котарскийдің өрескел қателігіне қарамастан «Копенгаген» маңызды жеңіске жете алған. «Копенгаген» үшін сәрсенбінің кешінде Чемпиондар Лигасының күресінде жаңа есік ашылды. Ауа температурасы нөлден төмен жағдайда Дания чемпионы қазақстанның «Қайратын» 3:2 есебімен ұтып, турнирдің осы маусымындағы алғашқы жеңісін тіркеген. Алаң иелері осал қарсыласқа қарсы матчта ұзақ уақыттан бергі өзінің үздік ойынын көрсеткен болатын. Қонақтар «Паркен» аренада мардымды қарсылық таныта алмады. Алайда, қақпашы Доминик Котарскийдің өрескел қателігі мен соңғы минуттардағы тағы бір гол кездесу соңындағы қысымға әкелді», - делінген материалда.

«Қайрат» болса еурокубоктің 5 турынан кейін 1 ұпаймен отыз бесінші орынға жайғасуда. Ал «Копенгаген» 4 ұпаймен жиырма тоғызыншы орынға көтерілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×