Қазақстан жастар құрамасының вингері және "Астана" ойыншысы Нұрәлі Жақсылық биылғы маусымдағы аз ойын уақытына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Талантты футболшы биылғы маусымда алаңға сирек шығуына байланысты туындаған сұрақтарға нүкте қойды.
Legalbet.kz тілшісімен болған әңгімеде Нұрәлі өзінің кәсіби ұстанымын көрсетіп, клуб ішіндегі жағдайды ашып айтты. Ойыншының сөзіне қарағанда, ол алаңдағы орны үшін күресуге әрқашан дайын, бірақ бапкердің тактикасына араласпайды.
"Мен тынбай жаттығу үстіндемін. Ал мені қанша минутқа алаңға шығару – бұл толығымен бапкердің шешімі. Бұған ешқандай қарсылығым жоқ. Мен кез келген уақытта көмекке келуге дайынмын.” — деп мәлімдеді Жақсылық.