“Қартайдың, карьераңды аяқта!” Ресейлік футболшы “Қайрат” капитанына мансабына нүкте қоятын уақыт келгенін ескертті

08.09.2025, 17:00

Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Юрий Газинский Алматының "Қайрат" командасында өнер көрсететін Александр Мартынович туралы қызықты пікір білдірді.

“Қартайдың, карьераңды аяқта!” Ресейлік футболшы “Қайрат” капитанына мансабына нүкте қоятын уақыт келгенін ескертті

Ол Чемпиондар лигасының жалпы іріктеу кезеңіндегі жеребе нәтижесінен кейін бұрынғы әріптесін әзілімен құттықтағанын айтты:

"Әрине, әзілдедім. "Қартайдың, 38-ге келдің, карьераңды аяқта” деп айттым. Сонымен бірге Сашаны құттықтадым, өйткені ол "Реалдың” жанкүйері. Мүмкін Мадридтіктер оның омыртқасын бір-екі рет бұрап алар, сосын көрерміз.” – деді Газинский.

Футболшы сонымен қатар Қазақстанға барып, матчты трибунадан көру ойда бар екенін, бірақ әзірге нақты жоспар жоқ екенін жеткізді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×