ФИФА "Тұранға" ойыншылар алдындағы қарыздарын төлемесе трансферлік тыйым салатынын мәлімдеді.
“Тұран” футбол клубына трансферлік бан қаупі төнді. Бұрынғы ойыншылардың мүддесін қорғап жүрген спорттық заңгер Данила Смольскийдің айтуынша, ФИФА клубтан берешектерді өндіріп алу жөнінде тағы бірнеше шешім шығарған.
ФИФА Эстониядан келген 36 жастағы жартылай қорғаушы Артём Дмитриев пен 31 жастағы Ресейлік хавбек Павел Киреенконың 2024 жылдың соңына дейінгі жалақысы мен еңбек демалысы ақысын төлеу туралы талаптарын қанағаттандырды. Бұған қоса, клуб жылына 5% көлемінде өсімпұл төлеуі тиіс.
"Бұған дейін басқа ойыншыларға қатысты шыққан шешімдерде ФИФА "Туранға” қосымша айыппұл салған болатын. Ал бұл жолы айыппұл қарастырылмаған. Себебі клуб кейбір ойыншылар алдындағы қарызын жартылай өтеген болуы мүмкін.” — деді Смольский.
"Тұранның” 45 күн ішінде берешегін өтеуге уақыты бар. Әйтпесе клубқа трансферлік бан салынады.