Кашия кезінде Қазақстанға келе жаздаған

Бапкер Владимир Вайсс қорғаушы Гурам Кашияны "Витесс" клубынан бері көздеп жүрген екен.

Кашия кезінде Қазақстанға келе жаздаған

Словакиялық бапкер кезінде “Қайрат” клубын баптаған сәтте командаға Грузия құрамасының көшбасшысы Гурам Кашияны шақыртқан екен. Алайда Еуропа ұжымдарында ойнап үйреніп қалған қорғаушы Вайсстың бұл ұсынысына “жоқ” деп жауап қайтарыпты. 

2016 жылдары “Виттестің” намысын қорғаған Гурам мансабын аяқтаған соң, голландиялық клубта бапкер боламын деген пікірінде тілге тиек еткен екен. 

Бір қызығы, қорғаушыға әу-баста көз тіккен Владимир Вайсс 2020 жылдан бері Гураммен бірге қызмет жасауда. Бапкер мен ойыншы словакиялықтың Грузия құрамысын баптаған уақыттан бері таныс. Содан бері қай жаққа барса да, Владимир Кашияны қасынан тастамайды. Бапкердің өзі гүржі футболшыларына көп сенім артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×