Каспер Хюльманд “Байер Леверкузеннің” жаңа бас бапкері атанбақ

08.09.2025, 18:00

Неміс басылымы Kicker таратқан ақпаратқа сәйкес, Каспер Хюльманд "Байер Леверкузеннің" жаңа бас бапкері болып тағайындалады. Ол бұл қызметте Эрик тен Хагтың орнын баспақ.

Каспер Хюльманд “Байер Леверкузеннің” жаңа бас бапкері атанбақ

Өткен аптада Нидерландтық маман маусымның сәтсіз басталуы мен клуб ішіндегі келіспеушіліктерге байланысты қызметінен босатылған еді. Бос орынға бірнеше кандидаттар аталды. Олардың қатарында бұрынғы "Тоттенхэм” бапкері Энж Постекоглу мен "РБ Лейпцигтің” бұрыңғы жаттықтырушысы Марко Розе болды. Дегенмен, "Байер” Хюльмандты таңдады.

Дат маманы келісімшарт бойынша клубпен негізгі келісімге келген. Оның алғашқы ресми ойыны жұма күні "БайАренада” "Айнтрахт Франкфуртқа” қарсы өтеді деп жоспарланған.

Хюльмандтың соңғы жұмысы Дания құрамасын басқару еді. Оның жетекшілігімен команда ЕУРО 2021 турнирінде жартылай финалға дейін жетті, ал ЕУРО 2024 жарысында 1/8 финалда Германиядан Дортмундта жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Хюльмандтың бапкерлік мансабының басым бөлігі туған елінде өткен. Дегенмен ол Бундеслигада да тәжірибе жинап үлгерген, атап айтқанда, "Майнцты” бір маусым бойы жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×