«Каспий» алты ойыншымен еңбек келісім-шартын түзді

02.03.2021, 01:26
Екі ойыншымен келісім-шартты ұзартса, төрт ойыншыны жаңадан алды.
«Каспий» алты ойыншымен еңбек келісім-шартын түзді

Ақтаулық "Каспий" алты ойыншымен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

35 жастағы қорғаушы Илья Воротников (12 матч) пен 27 жастағы шабуылшы Арман Нүсіп (16 матч, 1 гол) "Каспий" сапында ойнауын жалғастырады.

Сондай-ақ ақтаулық командаға Талғат Кусяпов, Рамазан Кәрімов, Давид Караев және Алексей Залеский қосылды.


Талғат Кусяпов мансабын "Астана" және "Қайрат" академияларында бастады. Өткен маусымда ол "Оқжетпесте" ойнады (3 кездесу). Қазақстан (U-21) жастар құрамасының ойыншысы болып табылады.


Кәрімов "Астананың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырылып, бірнеше матчта бой көрсетті. Алайда, Андрей Тихонов бастаған жаттықтырушылар құрамының көңілінен шыға алмай, тағы да "Каспийдің" орналасқан жеріне келді. Шабуылшы өткен жылы ақтаулық клуб сапында екі матч өткізген болатын.


Владикавказдық "Юность" пен мәскеулік "Спартактың" тәрбиеленушісі Давид Караев өзінің мансабын 2013 жылы "СКА-Энергияда" бастаған. Ол "Нефтехимик", "Армавир Торпедо", владикавказдық "Спартак", "Ростов СКА", "Химки" және "Камаз" клубтарында ойнады. Өткен жылы ол "Уралға" ауысып, РПЛ-да дебют жасады. Жалпы 6 матч өткізді. Әзірбайжанның жасөспірімдер құрамасында бір матчқа қатысқан. Ресейлік шабуылшының трансферлік құны 300 мың еуроға бағаланды.


Алексей Залеский мансабын 2011 жылы "Динамо Минск" құрамында бастаған. Одан кейін ол "Береза-2010", "Слуцк", "Витебск", "Луч" және "Дняпро-МЧС" клубтарында ойнады. Өткен маусымда талдықорғандық "Жетісу" сапында Алексейдің ағасы - Андрей Залеский өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×