Ақтаулық "Каспий" Премьер-лиганың 12-турында елордалық "Астананы" жеңіп кетті. Талғардағы ұлттық құраманың базасында өткен матч 2-1 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 37-минутта "Астана" ойыншысы Сигурьонссон соқты. Бұл жолы пенальтиден емес. Макс Эбонгтың пасын сәтті пайдаланған Рунар ашық қақпаны дәл көздеді. 72-минутта Себайхидің айып алаңының сыртынан жасаған соққысы голға айналды. Араға 3 минут салып Марусич жеңіс голын соғып, командасына үш ұпай сыйлады.
Бұл жеңістен кейін "Каспий" 7 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. Елордалық клуб 21 ұпаймен екінші орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET