«Каспий» Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында «Ақтөбемен» кездесті. Матч Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойынның 63-минутында Максим Самородов есеп ашып еді, бірақ төреші бұл голды есепке алмады. Сегіз минуттан кейін «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Йоахим Адукор алаңнан қуылды. Ал 80-минутта Артем Барановский, 89-минутта Еркебұлан Нұрғалиев қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 10-тур
«Каспий» – «Ақтөбе» – 2:0
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Артём Барановский, Тарас Бондаренко, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа, Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ (Арман Нүсіп 69), Алмас Арменов (Еркебұлан Нұрғалиев 72);
«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) – Владимир Гинайтис, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (к) – Йоахим Адукор, Рамазан Оразов, Руслан Камболов – Сердер Сердеров, Рожерио Шина, Максим Самородов (Арман Кеңесов 63);
Біздің серіктес: FONBET