«Каспий» бразилиялық футболшыны қатарға қосты

03.03.2022, 16:38
Футболшы мансабында небәрі 68 матчқа қатысқан.
«Каспий» бразилиялық футболшыны қатарға қосты

Ақтаулық «Каспий» 24 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Руан Телеспен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді.

Телес мансабын бразилиялық «Тупи» командасында бастады. Кейінірек португалиялық «Варзим» және «Маритимо», сондай-ақ бразилиялық «Вилла Нова» клубтарында доп тепті.

Телестің соңғы клубы румыниялық «Арджеш» болды, ол аталмыш клубта 19 матчқа қатысқанымен, нәтиже көрсете алмады.

Жалпы, бразилиялық футболшы клубтық мансабында 68 матч өткізіп, 4 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшы оң жақ жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді, сонымен қатар шабуыл шебінде де ойнай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×