«Каспий» директоры: «ҚПЛ-да қалу үшін болатын күресті маусымның басты міндетіне айналдырғым келмейді»

23.11.2021, 22:49
Әлібек мырза Благоевичтің клубтан кету себебін және оның орнын басатын бапкер жайлы ашық айтты.
«Каспий» директоры: «ҚПЛ-да қалу үшін болатын күресті маусымның басты міндетіне айналдырғым келмейді»

«Каспий» футбол клубының директоры Әлібек Оразғалиев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жанкүйерлердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

- Әлібек Сәкенұлы, сізге барша жанкүйерлерді алаңдататын сұрақ қойғымыз келеді: Срджан Благоевич неге кетті?

- Ең алдымен Срджан Благоевичке және оның жаттықтырушылар штабына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Олар соңғы 2 маусымда маңызды жұмыстар жүргізді. Әрине, біз клуб тарапынан Срджан Благоевичті келесі маусымға қалдырғымыз келді және оған келісім-шартты ұзартуды ұсындық, алайда біз шынайы болуымыз керек – қазіргі кезеңде «Каспий» футбол клубына «Астана» футбол клубымен бәсекелесу қиын, қаржылық мүмкіндіктері жағынан да, спорттық жетістіктері жағынан да.

Біз Срджан Благоевичке жаңа клубта сәттілік тілейміз және де «Каспий» клубының есігі ол үшін әрқашан ашық екенін айта кеткеніміз жөн!

- Бас бапкер қызметіне үміткер жаттықтырушыларды атай аласыз ба?

– Иә, бас бапкер қызметіне үміткерлердің қысқаша тізімі бар. Әрине, біз аты-жөндерін айта алмаймыз, өйткені қазір біз енлі ғана келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ мен команданың соңғы 2 маусымында көрсеткен ойын стилін жалғастыра алатын жаттықтырушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр деп сенімді түрде айта аламын. Инсайдерлер кейбір бапкерлерді біздің клубқа келеді деп жатыр – бірақ бұл жаттықтырушылар командада болмайды, біз олармен келіссөз жүргізбейміз.

- Жаңа маусымға дайындық қашан басталады?

- Жақын арада бас бапкерді анықтауды жоспарлап отырмыз және желтоқсан айында Ақтау қаласында жергілікті ойыншылармен оқу-жаттығу жиындарын бастасақ деп ойымыз бар. Негізгі дайындық әдеттегідей қаңтардың екінші онкүндігінде Түркия жағалауларында өтеді.

- Жаңа маусымға қандай тапсырмалар қойылады?

- Әлі бекітілмеген бюджетке байланысты маусымға арналған тапсырма туралы айтуға әлі ерте, бірақ менің ойымша, ең болмағанда биылғы 8-орынға қол жеткізген жетістігімізді қайталау, егер ол орындалса, одан да жоғары «көтерілу»! ҚПЛ-да қалу үшін болатын күресті маусымның басты міндетіне айналдырғым келмейді.

- «Каспий-Жастар» ҚР Бірінші лигасына қатыса ма?

- Біз қазір бұл мәселемен айналысып жатырмыз, бірақ бізді алаңдататын жалғыз нәрсе - Бірінші лигада біз тек ҚР Екінші лига командаларының ережелері бойынша ойнай аламыз, яғни 2022 жылғы маусымда әр матчқа біз 2001 жылдан жоғары 3 ойыншыны ғана қоса аламыз, ал биылғы жылы «Каспий-Жастар» командасының көбісі 2000 жылғы ойыншылардан құралғанын бәрі біледі, ал біз олардың барлығын қолдана алмаймыз, сондықтан сәйкесінше өте жас ойыншылар ойнайды.

- Премьер-лигада жастар командасының ойыншылары өнер көрсете ме?

- Әрине! Біз «Каспий-Жастар» командасынан Екінші лигада өзін көрсете білген және команданың көшбасшысы болған ойыншыларды тартуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін біз желтоқсан айында барлық жергілікті ойыншыларды көру үшін жиын өткізгіміз келеді. «Каспий-Жастар» командасының 4-5 ойыншысы негізгі жиындардан өтіп, негізгі құрамда болады деп айта аламын.

Соңында, жанкүйерлерімізге клубты тұрақты түрде қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді және бізді жанкүйерлер келесі маусымда мақтан тұту үшін бар күшімізді салып, қолдан келгеннің барлығын жасаймыз! КаспийҒО!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×