Ақтаулық «Каспий» футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсті. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.
Матчтың 7-минутында «Ордабасының» қорғаушысы Карам Сұлтанов өз қақпасына гол соғып алды, бірақ екі минуттан кейін беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский есепті теңестірді. Ал 35-минутта «Каспийдің» бразилиялық ойыншысы Руан Телеш жеңіс голын соғып кетті. Ойынның 61-минутында шымкенттік клубтың қорғаушысы Евгений Чаговец қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 4-тур
«Каспий» – «Ордабасы» – 2:1
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Еркебұлан Нұрғалиев (Қуандық Нұрсұлтанов 61), Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ, Руан Телеш;
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Евгений Чаговец, Самат Шәмші (к) – Виктор Брага, Александр Батищев – Эльхан Астанов (Аслудин Хаджиев 69), Серж Ньюадзи, Всеволод Садовский;
Біздің серіктес: FONBET