«Каспий» клубы Бірінші лигадағы басты артықшылығын атады

15.09.2025, 17:51

Футболдан Бірінші лигада топ басында келе жатқан «Каспий» клубы мерзімінен бұрын Премьер-лигаға шығуға жақын тұр. Осы орайда клубтың баспасөз қызметі Aladop.kz сайтына өзге мықтылардан қалай озғанына тоқталды.
 

«Каспий» клубы Бірінші лигадағы басты артықшылығын атады

Маусымның басында көпшілік «Ertis» пен «Шахтер» клубтарының трансферін бағалап, қос клуб Премьер-лиганың жолдамасын өзара бөліп алады деп топшылап еді. Алайда сіздер қазір топ бастап тұрсыздар. Дәл осылай болады деп күттіңіздер ме?

«Қазақстандық футболдың менталитетінде жылдың басында айтылған болжамдарды маусымның ортасында ұмытуға болады. Өйткені тұрақтылық деген дүние көп клубтарда әлі де ақсап тұр. Бүгін жақсы болса, ертең жағдай мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан әр турға команданяң кез келген мүшесі жауапкершілікті сезініп жүруі міндетті деп ойлаймыз. Қазіргі кестедегі жағдай дәл осылай болуы үшін, басшылық, бапкерлік штаб және ойыншылар максималды түрде жұмыс істеп келеді. Әзірше жоспарымыз ойдағыдай іске асып жатыр», - деді «Каспий» футбол клубының баспасөз қызметшісі Бақытжан Бозабаев.

Айта кетейік, қазіргі сәтте «Каспий» клубы 53 ұпай жинап, Бірінші лигада жеке-дара көш бастап келеді. Ал қағаз жүзінде фаворит саналған «Ertis» 48 ұпаймен екінші орында келе жатса, «Шахтер» 41 ұпаймен 4-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×