«Каспий» клубы логотипін алмастырды

04.02.2021, 01:14
Жаңа логотип үш түстің аясында жасалған.
«Каспий» клубы логотипін алмастырды

"Каспий" футбол клубы логотипін жаңартқаны туралы хабарлады.

"Құрметті Маңғыстау футболының жанкүйерлері! Біз Сіздерге "Каспий" футбол клубының жаңа логотипін ұсынамыз. Біз заманауи және минималистік дизайнды таңдадық. Шамшырақ (маяк) теңізшілерге дұрыс жолды көрсететіндіктен, біздің логотипіміз клубтың дамуының дұрыс векторын орнатады деп үміттенеміз. 

Жаңа логотип көк және қара түстерде жасалған қалқан мен маяктан тұрады. Ақтау шамшырағы тұрғын үйдің төбесінде орналасқан. Бұл жердің еуропалық бөлігіндегі жалғыз маяк. Ол біздің қаламыздың визиттік карточкасы болып табылады. 

Шамшырақ - қорғаныс, Жеңіс, даңқ пен абыройдың символы болып табылатын қалқанға орналастырылған. Көк түс - Каспий теңізін, ал қара түс - мұнайды бейнелейді. Композициямен көмкерілген "Caspiy" жазуы спорттық қаріптер стилінде орындалған", - деп түсіндірді клуб өзінің Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×