Бүгін ақпарат беттерінде 51 жастағы армениялық бапкер Вардан Минасян «Каспий» клубының тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын.
Бұл жайтқа байланысты «Каспий» клубы әлеуметтік желіде жауап берді:
Желіде біз жайлы жалған ақпарат көріп қалдық және бұл бейресми ақпарат екенін сіздерге хабарлаймыз!
Осы хабарды таратқан «ASnews»-тен тек қан «РАС» ньюстарды таратуын өтінеміз», - деген хабарламада.
Айта кетейік, «Каспий» командасы Бірінші Лигасының осы маусымында мерзімінен бұрын Премьер Лигаға жолдама алып қойған болатын. Руслан Эсатов шәкірттері енді келесі турда мерзімінен бұрын чемпион атануы да әбден мүмкін.