«Каспий» мен «Қайрат» арасындағы кездесу Алматыда өтеді

10.08.2021, 15:08
Бұл матч жоспар бойынша Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өтуі тиіс еді.
«Каспий» мен «Қайрат» арасындағы кездесу Алматыда өтеді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қайрат» футбол клубы атынан «Каспий» футбол клубы мен Лига Әкімшілігіне OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің 6-турындағы «Каспий» - «Қайрат» кездесуін Алматыда өткізуге ұсыныс жасағаны туралы хабарлайды.

Алматылық клубтың ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының УЕФА клубтық турнирлерінің іріктеу кезеңдерінің біріне қатысу үшін виза алу барысындағы ұйымдастырушылық мәселелер осы өтініштің негізі болып табылады. «Қайрат» футбол клубы тамыз айының екінші жартысында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде турнирдегі қарымта ойынды өткізуі тиіс. Клубтың мәлімдеуінше, Ақтау қаласында өтетін ойын күні клуб қызметкерлері, жаттықтырушылары мен ойыншылары виза алу үшін арнайы органдарға жеке төл құжаттарын тапсыруға мәжбүр болады, сол себепті басқа қалаға ұшуды жүзеге асыра алмайды.

Қос клуб арасындағы өзара келісім бойынша, аталмыш ойын Алматы қаласындағы «Жас Қыран» стадионында өтеді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі клубтардың бұл шешімін қабылдады.

Бұл жағдай форс-мажор болып табылатынын және әлемдік пандемия кезінде өзге елге сапар жасау үшін виза жасаудағы қиындықтармен байланысты екенін ерекше атап өткіміз келеді. ҚКФЛ халықаралық аренада еліміздің намысын қорғайтын барлық отындық клубтарды толықтай қолдайды, сонымен қатар қиын және стандартты емес жағдайлар орын алғанда Лигаға мүшелік етуші клубтарға көмектесуге дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×