"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Ойын толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. "Каспий" қарсыластар қақпасын сегіз мәрте дәл көздеген, ал "Тұран" үш рет гол соғуға тырысқан.
Бір ұпайды қанағат тұтқан Срджан Благоевич шәкірттері 24 ұпаймен сегізінші орынын сақтап қалды. Ал түркістандық клуб 18 ұпаймен он екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET